Науырзым мемлекеттік табиғи қорығындағы орман өрті сөндірілді

Науырзым мемлекеттік табиғи қорығындағы орман өрті сөндірілді

ТЖД жедел штабының ақпараты бойынша Науырзым қорығындағы Бишағаш орманшылығы аумағындағы өрт 22 тамызда сағат 18:10-да сөндірілді. Алдын-ала болжам бойынша жану аумағы 807 га.

Құрғақ қамыс жанған алдын-ала болжам бойынша 10 га алаңда өрт 22 тамызда сағат 18:10-да сөндірілді.

Қарамайшы бөлімшесінің ауданындағы үшінші учаскеде ТЖД қызметкерлері мен қорық қызметкерлерінің жалпы күш-жігерімен өрт 22 тамыз күні сағат 18:53-те оқшауланды. Өрт периметрі бойынша қарауылдау және қосымша жырту жұмыстары жүргізілуде.

Өртті оқшаулауға қорық қызметкерлері қатарынан 30 адам және 15 техника жұмылдырылды.

Өрттің себебі мен жалпы ауданы анықталуда.

 Қостанай облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы