ШҚО ТЖД құтқарушылары суицидтің алдын алды

ШҚО ТЖД құтқарушылары суицидтің алдын алды

2023 жылғы 20 тамызда ШҚО ТЖД құтқарушыларына шамамен 19 жасар жігіттің Ертіс өзеніндегі автожол көпірінен секірмек болғаны туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына жедел түрде ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының бөлімшесі жіберілді. Санаулы минутта қайықпен жеткен құтқарушылар көпірде полиция қызметкерлерінің райынан қайтармақшы болып тұрған кезде кенеттен суға секіріп кеткенін көрді.

ТЖ қызметкерлері оған құтқару шеңберін лақтырды, алайда жігіт оған қарамады. Сондықтан құтқарушылар қайықпен жанына келіп, судан алып шықты.

Жағалауға жеткізген соң жедел жәрдем дәрігерлеріне тексеру үшін табыстады.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыздар.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі