
Қызылорда облысы ТЖД құрама командасы садақ атудан жарыста жалпы командалық бірінші орынға ие болды. Жарыс жас мемлекеттік қызметкерлер арасында 2023 жылғы 18 тамызда "Naman ata" спорт кешенінде өтті.
Жарысқа облыс басқармалары мен департаменттерінің 35 жасқа дейінгі қызметкерлері қатысты.
Жарыс үш кезеңде өтті.
Жарыстың мақсаты: жас мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спорт ойындарын дамыту, жас мамандар арасында достық қарым-қатынас орнату, мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру.
Сондай-ақ, қатысушыларға жарыстарға жеке қатысуға рұқсат етілді. Қазылар алқасының шешімімен №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Еспенбетов Расул 1орынды иеленді.
Ұйымдастырушылары: Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, "Ай-Қанат" жастар қоғамдық бірлестігі.
Жеңімпаздар алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталды. Әріптестерімізді марапатымен құттықтаймыз.
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі