Алматылық өрт сөндірушілер «Байсат» сауда орнында өртті 25 минут ішінде оқшаулап, кәсіпкерлердің тауарларын өрттен қорғап қалды. Өрт сөндірілді

Алматылық өрт сөндірушілер «Байсат» сауда орнында өртті 25 минут ішінде оқшаулап, кәсіпкерлердің тауарларын өрттен қорғап қалды. Өрт сөндірілді

2023 жылғы 21 тамызда сағат 14:02-де Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша  Солтүстік  айналма тас жолы, 7 мекенжайындағы Байсат сауды орнына  жіберілді.

5 минутта келген сәтте мамандандырылған жасақтың алғашқы бөлімшелері екі қабатты контейнерлердің өртенгенін, өрттің ауданы 150 шаршы метр алаңға шарпығанын анықтап баяндады. Дереу жапсарлас қойылған контейнерлерді сөндіруге және салқындатуға өрт оқпандары енгізілді, өрт-автоцистерналары  объектінің өрт гидранттарына орнатылып, магистральдық желілер созылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

Оқиға орнында екі өрт сөндіру  учаскесі құрылды, газ-түтіннен қорғау қызметінің үш буыны жоғары температура мен қатты түтін жағдайында жұмыс істеді.

25 минут ішінде өртті оқшаулауға қол жеткізілді, сағат 14:50-де өрт толығымен сөндірілді.

Қабылданған шаралармен көрші контейнерлерді, сондай-ақ тауарлық-материалдық құндылықтары бар сауда қатарларын өрттен қорғалды .

Қайтыс болған және зардап шеккен адамдар жоқ.

Құрметті кәсіпкерлер! Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу  кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар!

 

Алматы қаласыТЖД баспасөз қызметі