
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласының орталық стадионында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Бұл жарыс қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Қаратау қаласының № 12 өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі Ержан Еркінұлы Ахметовты еске алуға орай өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатына марқұмның отбасы мүшелері, оның әріптестері, Қаратау қаласы әкімдігінің өкілі және жергілікті әртістер қатысты. Жарысқа Қаратау қаласының № 12 өрт сөндіру бөлімінің, Ақкөл ауылының № 3 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері және Қаратау қаласының құтқару жасағының құтқарушылары қатысты.
Спорттық жарыстың қорытындысы бойынша үздік спортшылар анықталды. № 13 өрт сөндіру бөлімінің командасы жүлделі 3 орынды, № 12 өрт сөндіру бөлімінің командасы екінші орынды иеленді. Ал жүлделі 1 орынды құтқару жасағының командасы иеленді. Жарыс жеңімпаздары допламадр мен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі