Абайсызда суға секіру өлімге себеп болуы мүмкін

Абайсызда суға секіру өлімге себеп болуы мүмкін

2023 жылғы 20 тамызда сағат 20.55-те Қонаев қаласының «Рауан» шағын ауданында, «Boot Station» демалыс аймағының жанында ТЖ департаменті жедел-құтқару жасағының күштері 1984 жылы туған ер адамның денесін тауып, судан шығарды. Ер адам шамамен 20:05-те толқын басқыдан (толқын басқы - бұл ағындардан, толқындардан және дауылдан қорғауға арналған жағалаудағы аймақта салынған тұрақты құрылыс) суға секіру кезінде қайтыс болды. Дәрігерлер алдын ала «мойыны сынған» деген диагноз қойды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сонымен қатар, онымен болған үш жеке тұлғаға ҚР ӘҚБтК 412-бабы бойынша 36225 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

ТЖ департаменті жедел-құтқару жасағының 6 құтқарушысы мен 2 жүзу құралы жұмылдырылды.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауын сұрайды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі