Көпқабатты тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздік сақтық шаралары тәжірибе жүзінде көрсетілді

Көпқабатты тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздік сақтық шаралары тәжірибе жүзінде көрсетілді

Тұрғындарға өрт орын алған жағдайда дұрыс іс-қимыл жасауды үйрету, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың дағдыларын пысықтау мақсатында Шымкент сити шағын ауданындағы 12 қабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында шартты түрде өртті сөндіру, адамдарды қауіпсіз жерге шығару және құтқару, алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Сабақ соңында тұрғындарға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, өрт орын алған жағдайда жасалатын дұрыс әрекеттер тұралы айтылды. Сондай-ақ өрт сөндіргішті қолдану тәсілі көрсетілді.

Сабаққа Шымкент қаласынадағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 5 техникасы, жеке құрамнан 30 қызметкері, апаттар медициналық орталағы филиалының бригадасы жұмылдырылды.

Құрметті қала тұрғындары! Өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар! Өрт орын алған жағдайда тез арада «101» және «112» қызметтеріне хабар беріңіздер! Ең бастысы сабыр өрт орын алған жағдайда дүрбелеңге жол бермеңіздер!

 

Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы