Тобыл өзеніндегі рұқсат етілмеген шомылу орындары бойынша рейд

Тобыл өзеніндегі рұқсат етілмеген шомылу орындары бойынша рейд

Қостанай ауданының су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өткен демалыс күндері жергілікті ТЖ бөлімінің қызметкерлері тәртіп қорғау органдарымен бірлесе отырып Тобыл өзеніндегі суға шомылуға рұқсат етілмеген орындарға кезекті рейд жүргізді. Бұл күні олар 79 адамға нұсқау берді, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасады.  

Рейд қорытындысы тез арада шықты: шектеуіл қойылған белгілерге қарамастан, жасөспірімдер тобы суға шомылуға келмейтін орындарда шомылды.

Балаларға «Судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері» және «Суға батқан адамға алғашқы көмек көрсету» жаднамалары үлестірілді және өз қауіпсіздігіне қатысты олардың жауапсыздық қарым-қатынасы қандай салдарға әкеліп соқтыруы мүмкіндігі түсіндірді. Негізгі келеңсіз жағдайлардың себебі болып жабдықталмаған орындарда суға шомылу болып табылады. Биыл Қостанай облысында 11 адам суға кетті.

Құтқарушылар суға жағдайы жасалған жағажайларда, рұқсат етілген орындарда шомылу керектігін ескертеді. Ағымы қатты тік жарлар, батпақты су айдындарында және өсімдіктер маңында суға шомылуға болмайды. Сондай-ақ алкогольді мас күйінде су айдындарына баруға болмайды. Жағажайларда жасөспірімдер мен балалар ата – аналарының немесе үлкендердің бақылауымен болулары тиіс. Қостанай ауданы ТЖБ қызметкерлері өңірдің тұрғындары мен қонақтарға: суда өзін – өзі ұстану қауіпсіздік ережесін сақтаңыздар! Құтқарушылардың айтулары бойынша осындай бірлескен рейдтер суға шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасады.  

Қостанай облысы ТЖД Қостанай ауданының ТЖ бөлімі