
Жұмыс сапары аясында департамент бастығы Нұрлан Атығаев Степногорск қаласына барып, «Алтыналмас АК» АҚ өндірісімен танысты, – деп Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.
Сапар барысында Департамент бастығы мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің дайындығын тексеріп, оның жұмысын жақсарту бойынша кеңестер берді. Кездесу қорытындысы бойынша Степногорск қаласының өрт сөндіруші-құтқарушыларының және «Алтыналмас АК» АҚ қызметкерлерінің бірлескен өртке қарсы оқу-жаттығуларын өткізу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, Нұрлан Атығаев Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржановпен бірге Степногорск қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барып, аудан әкімі өрт сөндірушілер қызметімен және бөлімнің проблемалық мәселелерімен танысты.
Өз кезегінде Нұрлан Атығаев құтқарушылардың жұмысын бағалап, Степногорск қаласы гарнизонының жұмыс сапасын жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі