Құтқарушылар топтан қалып қойған туристке көмекке келді

Құтқарушылар топтан қалып қойған туристке көмекке келді

2023 жылғы 13 тамызда Талғар ауданында таудан төмен түсіп келе жатқан төрт адамнан тұратын туристік топ Пионер шыңының төменгі жағында бесінші турист топтан қалып қойғаны анықталды. Сағат 16:05-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы іздеуге шықты.  Өтініш беруші топ жетекшісі болды, ол құтқарушыларды шақырып, өздерінің төменге түскен бағытын көрсетті. Сол уақытта жоғалған адамныңы телефон байланысқа қосылып, өзінің геопозициясын жіберді, оған құтқарушылардың көмегін күту қажеттігі ескертілді. Сағат 20:40-та құтқарушылар тобы 2004 жылы туған жас жігітті Талғар ауданындағы Красный Яр тауынан тауып алды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.  

ТЖМ құтқарушылары туристер үшін таудағы жүріс-тұрыс ережелерін еске салады. Қозғалыс үшін ең қауіпсіз маршрутты таңдаңыздар, ықтимал қауіптерді мұқият бағалаңыздар, тек топпен бірге жүріңіздер, топтан бөлінбей, тәртіпті қатаң сақтаңыздар. Жүру жылдамдығын топтағы баяу жүретін адамның жүрісіне байланысты анықтаңыздар.  

 

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі