
2023 жылғы 23 тамызда Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болады.
Мереке Құдайбергенұлы облыстың тұрғындарымен кездесу өткізеді, кәсіпкерлермен, еріктілермен, ҮЕҰ өкілдерімен кездеседі, сондай-ақ азаматтарды қабылдайды, брифингке қатысады және Министрліктің қызметі туралы журналистердің сұрақтарына жауап береді.
Барлық өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е-otinish» ақпараттық жүйесін институционализациялауға байланысты Сізге өтініш, сұрау салу, ұсыныстар, жауап беру, шағым және сұрақ беру үшін «Е-otinish» ресми коммуникациялар арнасына өту қажет.
Өтініштерді тіркеу кезінде тақырыпта «2023 жылғы 23 тамызда халықпен кездесу» хатын көрсете отырып, аты-жөнін көрсету, сұрақ жазу және байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі) қалдыру қажет.