Жетісу облысындағы су басқан елді мекендерде жүргізіліп жатқан авариялық-қалпына келтіру жұмыстары туралы қосымша ақпарат

Жетісу облысындағы су басқан елді мекендерде жүргізіліп жатқан авариялық-қалпына келтіру жұмыстары туралы қосымша ақпарат

Қазіргі уақытта Ескелді ауданының Абай және Ешкіөлмес ауылдарында инженерлік және аулалар мен аулалар маңы аумақтарынан су сору жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, тасып жатқан суды бұру және қауіп-қатерді жою үшін көлбеу ағынды Абай және Ешкіөлмес ауылдарының суару каналының арнасына қайта бағыттау жұмыстары жүргізілуде. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Облыстық ТЖД дағдарыс орталығында психологиялық көмек көрсету үшін жедел штаб пен жедел желі телефоны ашылды (8 (7282)-22-02-13 және 22-02-18).

Жедел штабтың шешімі бойынша 7 топ құрылды, олар қазіргі уақытта су басқан аулалар мен үйлерді тексеруді жүзеге асыруда. Көлбеу ағын тоқтады.

Жұмыс басталғалы бері 1,5 мың дана қап дайындалды, олар қажеттілігіне қарай төселетін болады.

Қазіргі уақытта 3456 текше метр су сорылды.

Қарабұлақ ауылындағы Шестоков атындағы орта мектеп ғимаратында жергілікті атқарушы органдар эвакуациялау пунктін ұйымдастырды. Алдын ала 30 адам, оның ішінде 15 бала эвакуацияланды. Қазіргі уақытта эвакуация пунктінде 19 адам қалды, оның ішінде 9 бала, қалғандары туыстарының үйіне кетті. Эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет емес.

Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына жергілікті атқарушы органдардың, облыстың ТЖД, Қазселденқорғау күштері мен құралдары, ТЖМ, Қорғаныс министрлігінің және ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері жұмылдырылды.

Сағат 13.54-те Көксу ауданының Мамбет ауылында жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты Мамбет көшесінің бойында көлбеу ағын орын алып, салдарынан 5 аула аумағы су астында қалды деген тағы бір хабар келіп түсті. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, су деңгейі төмендеді.

Естеріңізге сала кетейік, 11 тамызда Жетісу облысының ТЖ департаменті 12 тамыз күні түстен кейін облыс аумағында жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын күтілетіні туралы дауылды ескерту таратқан болатын.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі