12 тамызда сағат 12.36-да Жетісу облысы ТЖД-да қатты жауған жауын-шашынның салдарынан Ескелді ауданының тау бөктеріндегі елді мекендерінің аула аумақтарын су басып, көлбеу ағын орын алды деген хабарлама келіп түсті. Жетісу облысының ТЖД күштері мен құралдарынан жүзу құралдарын қоса алғанда, арнайы жабдықтармен және техникамен жарақтандырылған 22 құтқарушы дереу оқиға орнына жіберілді. Басқа мүдделі қызметтер де жұмылдырылуда. Қазіргі уақытта оқиға орнында инженерлік жұмыстар, адамдарды ішінара эвакуациялау және су айдау жұмыстары жүргізілуде.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 11 тамызда Жетісу облысының ТЖ департаменті 12 тамыз күні түстен кейін облыс аумағында қатты жауын-шашын күтілетіні туралы дауылды ескерту таратқан болатын.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі