
2023 жылғы 31 шілде мен 11 тамыз аралығында ҚР Қорғанысминінің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының полигоны базасында «РХБЗ-2023» ведомствоаралық республикалық оқу-әдістемелік далалық жиындар өткізілді. Осы іс-шараның мақсаты - радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметінің мамандарының кәсіби даярлығын арттыру.
Жиынға ТЖ министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің және Ұлттық ұланның 184 әскери қызметшісі қатысты.
Ағымдағы жылы оқу-әдістемелік далалық жиындар алғаш рет үш тараптың қатысуымен өтті. Алдыңғы жылдары осындай жиындар Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ұлттық ұлан бөлімшелерінің қатысуымен өткізілетін.
ТЖМ мамандары оқу-әдістемелік далалық жиындарда РХБ жағдайын анықтау және бағалау, жеке құрам мен техниканы РХБ зақымданудан қорғауды қамтамасыз ету, қауіпті объектілердегі РХБ аварияларының (қирауларының) салдарын жою бойынша және т.б. іс-қимылдарды жетілдірді.
Далалық жиындардың соңғы кезеңінде ТЖМ, Қорғанысмині және Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында РХБҚ эстафетасы түріндегі кедергілер жолағын өту бойынша жарыс ұйымдастырылды (эстафетаның жалпы ұзындығы – 2,5 км.), онда ТЖМ командасы I орын алды (Эстафета 8 кезеңнен тұрды: зардап шеккен адамды жұқтыру аймағынан эвакуациялау, тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдарын кию, арнайы 4 жұмыс орнына арналған АРС техникасы, АРС арнайы техникасын орау; ДК-4 дайындау, ВПХР және ДП-5 аспаптарымен барлау жүргізу, КПО аспаптарымен және МК-3 аспаптарымен метеорологиялық деректермен топырақ пен ауа сынамаларын алу).
Сонымен қатар, спорттық-бұқаралық іс-шаралар (футбол) өткізілді, онда ТЖМ командасы тағы да I орын алды.
Жалпы, оқу-әдістемелік далалық жиындардың мақсаттарына қол жеткізілді. Жиын қорытындысы бойынша ТЖМ мамандары кәсіби қызметте пайдалы болатын құнды дағдылар мен білім алды.
ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс
және әскери бөлімдер комитеті