Суайдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы

Суайдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы

Ағымдағы жылы суға шомылу маусымы әлі басталмағанына қарамастан, ағымдағы жылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша еліміздің суайдындарында 28 адам, оның ішінде 10 бала көз жұмды.

Сонымен бірге, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, ағымдағы жылдың басынан бастап республика бойынша 18 балықшы суға батып кетті, оның 5-уі мұз астына түсіп кетті. Адамдардың қаза болуының негізгі себептері балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу болып табылады (жеке құтқару құралдарынсыз балық аулау және жарамсыз жүзу құралдарын пайдалану). Балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау осындай қайғылы салдарға әкеп соғады.

Мәселен,  29 сәуірде ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының мамандары мен Риддер қаласы 1-МӨСБ қызметкерлері өзенге батып кеткен 2002 жылы туған жігітті тапты. Іздеу жұмыстары 24 сәуірде басталған болатын, ол кезде куәгерлердің сөзінше үрлемелі қайық ауып кетіп, ондағы жігіттің суға батып кеткені туралы хабар келіп түсті. Жағалаудан бастап және өзеннің ағысы бойынша катамаранмен іздеді. Іздеуді өзен суының лай, буырқанып тасып жатқаны қиындатты. Құтқарушылар бөренелер арқылы кептелістерді ашып, әр учаскені сүзіп қарады.

Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көктал ауылындағы Үржар өзенінде құтқарушылар суға шомылу кезінде 1987 жылы туған ер азаматты іздеу жұмыстары жүргізілуде.

ТЖ комитетінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері алдын алу жұмыстарын жүргізеді, бұл халық арасында алдын алу сипатындағы іс-шаралар: акваторияларда патрульдеу және рейдтер жүргізу, жадынамалар тарату, дәрістер, әңгіме, интерактивті сабақтар өткізу.

Еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде жылы ауа райының басталуын, карантиндік режимді жеңілдетуді ескере отырып, ТЖ комитеті азаматтарды суайдындарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Балық аулауды жеке құтқару құралдары болған жағдайда ғана жүзеге асыру ұсынылады, өткел орындарында торларды орнатуға жол берілмейді. Егер сіз балықшы болсаңыз немесе қайықта аң ауласаңыз, онда ол техникалық жарамды, су төгу және құтқару құралдарымен жабдықталған болуы тиіс. Қайықта болған кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию қажет және ешқандай шұғыл қимыл жасауға, ернеу арқылы еңкеюге, қайықта тұруға және жүруге болмайды.

Демалыс орындарында суайдынында болған кезде мыналарға:

- алкогольден және есірткіден мас болған күйінде суға кіруге және шомылуға;

- суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;

- жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан жүзуге;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

- кемелерге жақындауға;

- су қоймаларын ластауға және қоқыстауға;

- балалардың ересек адамдардың қарауынсыз суға кіруіне жол берілмейді

 

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі