
Алматыға жұмыс сапары барысында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов қалалық ТЖД-да болып, цифрландыру аясындағы инновациялық жобалармен танысты.
Министр Алматы облысының қызметкері Рауан Биркурмановтың отбасына «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалін (қайтыс болғаннан кейін) табыс етті.
Кейін «Жер-2023» РКШОЖ дайындау және өткізу бойынша (жойқын жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар) қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің басшыларымен кеңес өткізді.
Бұдан басқа, министр мамандандырылған жасақтағы күрделі жөндеу барысымен және «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметін құру жөніндегі пилоттық жобаны енгізумен танысты.
Жұмыс сапарының соңында министр азаматтық қорғау органдарының ардагерлерімен кездесті.