2023 жылғы 15 тамызда Төтенше жағдайлар вице-министрі жұмыс сапарымен Қостанай облысына барады.
М.Қ. Пішембаев облыс тұрғындарымен кездесу өткізеді, кәсіпкерлермен кездеседі, сондай-ақ азаматтарды қабылдайды, брифингке қатысады және министрліктің қызметі туралы журналистердің сұрақтарына жауап береді.
Барлық өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е-otinish» ақпараттық жүйесін институционализациялауға байланысты Сізге өтініш, сұрау салу, ұсыныстар, жауап беру, шағым және сұрақ беру үшін «Е-otinish» ресми коммуникациялар арнасына өту қажет.
Өтініштерді тіркеу кезінде тақырыпта «2023 жылғы 15 тамызда халықпен кездесу» хатын көрсете отырып, аты-жөнін көрсету, сұрақ жазу және байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі) қалдыру қажет.