Шымкенттік өрт сөндіруші 50 л газ баллонды шығарды

Шымкенттік өрт сөндіруші 50 л газ баллонды шығарды

Шымкент қ. ТЖД «101» басқару пультіне 2023 жылғы 8 тамызда сағат 18.57-де  Еңбекші  ауданы Айсүгір көшесіндегі жеке тұрғын үйде  өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына алғашқы келген өрт сөндіру бөлімшелері көлемі 120 ш.м. құрайтын тұрғын үй толығымен, ішінде үй заттары, жиһазы, тұрмыстық техникасы жанып жатқандығын, сондай-ақ үйдің ішінде газ баллон бар екендігін анықтады. 

Тез арада өртті сөндіру, газ баллонды суыту жұмыстары жүргізіліп, №2 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Ғалымжан Дүйсенбекұлы Битанов 50 л. газ баллонды қауіпсіз аймаққа алып шығарды.

Өрт 19.23-те оқшауланып, 19.42-де сөндірілді. Өрттің салдарынан 1992 жылы туған ер адам  19 % күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Жағдайы қанағаттанарлық.

Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері анықталуда. Өртті сөндіруге Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 20 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Құрметті қала тұрғындары! Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауыңызды сұраймыз!

 Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы