Шымкентте көпқабатты үйлерде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары өтті. Оқу-жаттығу жаңа Тұран шағын ауданында өтті. Тактикалық ойы бойынша отты абайсызда пайдалану салдарынан 7-қабаттағы пәтерлердің бірінде өрт орын алды.
Өрт сөндіру қызметінің алғашқы бөлімшелері келген кезде үй-жай отқа оранып, екі адамды эвакуациялау қажет болды. Газ-түтіннен қорғау қызметтерінің буындары зардап шеккендерді құтқарып, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасына тапсырды. Өрт сөндірілді.
Оқу-жаттығу барысында бірқатар кіріспе жұмыстары жүргізілді. Олардың бірі жоғары қабатты ғимараттардағы өрттерді сөндіру болды. Өрт сөндіру бөлімшелері автосатының көмегімен биік ғимараттардан құтқару тәсілдерін көрсетті.
Биік ғимараттарда болуы мүмкін өрттердің негізгі себептері — жанатын заттардың эвакуациялау жолдарын бөгеуі. Сонымен қатар, лифттер өрт кезінде адамдарды эвакуациялау құралы емес екенін есте ұстаған жөн.
Биік ғимараттардағы өрттер көтергіш механизмдер мен тікұшақтардың көмегі арқылы сөндіріледі. Көтеру механизмдері- бұл жылжымалы баспалдақтар мен иінді көтергіштер. Қазіргі таңда Шымкент гарнизонында бір 50 метрлік,бір 51 метрлік, 61 метрлік екі иінді көтергіш бар.
Оқу-жаттығуларының негізгі мақсаты - қауіп-қатер туындаған кездегі жедел және кәсіби әрекеттерді пысықтау. Құтқарушылар нақты төтенше жағдай орын алған кезде үйлесімді жұмыс істейді. Көмекке мұқтаж адамдардың өмірі кейде минуттарға немесе тіпті секундтарға байланысты болған кезде, құтқарушылардың үйлесімді әрекеттері ғана нәтиже береді.
Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы