Ұлытау облысының өртке қарсы қызмет қызметкерлері қарттар үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді

Ұлытау облысының өртке қарсы қызмет қызметкерлері қарттар үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді

Оқу-жаттығу шартына сәйкес қарттар үйінде өрт оқиғасы орын алып, өрттің қою түтіні ғимарат ішіне таралып тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірді. Осыған байланысты объекті ішіндегі кезекші «101» нөмеріне – қаланың өрт сөндіру бөліміне хабарлады.

Өртке қарсы қызмет оқиға орнына жедел жетті. Өткізілген оқу-жаттығудың мақсаты өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері күш-құралдарының объектінің күзет қызметімен бірлескен жедел әрекетін пысықтау, адамдарды ережеге сәйкес эвакуациялау және құтқару болып табылады. Оқу-жаттығуға 25-адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығу кезінде барлығы нұсқаулыққа сай тиімді және жедел әрекет етті.

 

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі