
2023 жылғы 5 тамызда Ақтау қаласында "БРИЗ" Яхт-клубы ауданында жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2003, 2005, 2004, 2005 жылы туған 2 жігіт пен 2 қызды құтқарды. Сапбордта демалу кезінде жас жігіттер қатты желдің салдарынан ашық теңізге кетіп қалған. Нәтижесінде олар өздігінен жағаға шыға алмады.
Сондай-ақ, бүгін сағат 14:10-да. облыстың мобильді құтқару бекетінің кезекшілігін атқару кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2006 жылы туған азаматты құтқарды. Ол шомылуға жабдықталмаған жерде шомылған және өздігінен жағаға шыға алмады.
Медициналық көмек қажет болмады.
Құтқару операциясынан кейін құтқарушылар олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.