Кәсіпкерлерге ескерту

Кәсіпкерлерге ескерту

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама шеңберінде ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау және азаматтық қорғаныс басқармалары мен ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ШҚО бойынша департаментінің мамандары ШҚО "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының онлайн алаңы базасында кеңес ұйымдастырды. Кәсіпкерлерге тексеру жүргізу және өрт қауіпсіздігін сақтау саласында түсініктемелер берілді.

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин атап өткендей, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік өрт бақылауы әкімшілік іс жүргізуді қозғамай, ҚР Кәсіпкерлік кодексінде көзделген негіздер бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып, жоспардан тыс тексерулер жүргізе отырып, профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Профилактикалық бақылаудың кезеңділігі және жүргізудің еселігі тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерімен анықталады, бірақ жылына бір реттен артық емес, ал орташа тәуекел дәрежесі үшін екі жылда бір реттен артық емес.

Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес тексеру жүргізу кезінде тексеру парақтарында белгіленген талаптар тексеруге жатады.

Кәсіпкерлер өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.

ШҚО ТЖД-да атап өткендей, осындай іс-шаралар тұрақты негізде өткізілетін болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі