II жыл сайынғы өндірістік қауіпсіздік форумы

II жыл сайынғы өндірістік қауіпсіздік форумы

2023 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі М.К. Пішембаев «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастыруымен өткен II жыл сайынғы өндірістік қауіпсіздік форумына қатысты.

Форумның күн тәртібінде өндірістегі қауіпсіздік, көшбасшылық және қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті саласындағы мәселелер, сондай-ақ жарақаттану деңгейін азайту үшін қабылданатын шаралар талқыланды.

Форумға шақырылғандардың қатарына мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, «Самұрық-Қазына» АҚ Қорының директорлар кеңесінің мүшелері, оның ішінде Қоғамдық кеңес мүшелері, портфельдік компаниялардың және олардың еншілес және тәуелді ұйымдарының бірінші басшылары, шетелдік қауымдастықтар мен компаниялардың өкілдері қатысты.