
2023 жылғы 2 тамызда сағат 20.12-де Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінің маңында Франция мемлекеті азаматтарының жеке автокөлігі балшыққа батып қалғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді Елімізге өз көлігімен саяхаттауға келген 1993 және 1992 жылдары туған екі Француз азаматының көлігі балшыққа батып қалған.
Құтқарушылар шетел азаматтарына көмек көрсетіп, автокөлігін балшықтан шығарып берді. Жолаушылар медициналық көмекті қажет етпеді. Олар құтқарушыларға алғыс білдіріп, жолға шықты
Қызылорда облысы ТЖД баспасөө қызметі