
02 тамыз күні сағат 15:50-де Осқаров ауданында Жансары ауылдық округінде найзағайдың түсуінен 3 ошақта құрғақ шөп өртенді, кейін «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман алқабына көшті. Өрт 19:10-да оқшауланды. Өрттің жалпы ауданы анықталуда. Өртті жоюға Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерін, «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің және ерікті өрт сөндіру бөлімдерінің барлығы 46 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылған.
Табиғи өрттердің негізгі себептері отқа абайсыз қарау, от жағу, ауыл шаруашылығы техникасының ұшқын сөндіргіштерінің ақаулығы, найзағай разрядтары болып табылады.
Тұрақты құрғақ ауа-райы өрттің тез шығуына ықпал етеді, ал жел өрттің бірден таралу қаупін тудырады.
Облыс тұрғындары мен қонақтарын өртке өте сақ болуға шақырамыз: сөндірілмеген сіріңке, темекі, шыны сынықтары және т.б. лақтырмаңыз. Өртті тек жабдықталған орындарда ғана жағуға болады. Сондай-ақ, отты сөндірмей қалдыруға болмайды. Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз.