2 тамыз күні таңғы сағат 09-57-де Баянауыл ауданында далада әрқайсысы екі ошақта әрқайсысы 45 га құрғақ шөптің өртеніп, кейін өрттің «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағындағы құрғақ шөпке ауысқаны туралы хабарлама түсті. «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағында 25 гектар жер өрттенді.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен, Ұлттық саябақтан, ӨСБ және жергілікті атқарушы органдардан 52 адам мен 11 техника жұмылдырылған.
Өрт сөндірушілер өртті 19:27-де ауыздықтауға үлгерді. Күзет жүріп жатыр.