Шығыс Қазақстанда орманшылар мен өрт сөндірушілер орман аймағындағы өртті сөндірді

Шығыс Қазақстанда орманшылар мен өрт сөндірушілер орман аймағындағы өртті сөндірді

01 тамызда Ұлан ауданындағы Асубұлақ орман шаруашылығы" КММ аумағында Белогорск орманшылығы орманды орман жамылғысы аймағында құрғақ шөп, бұта, қураған ағаш өртенді.

Орманшылар мен өрт сөндірушілердің күштері отпен күресу үшін қол жетпейтін жерге жедел жіберілді.

Жалынды сөндіруде кедергілерді еңсеру үшін өсіп кеткен соқпақтармен жүруге тура келді. Кейде от шөптен өтіп кеткендіктен оны сөндіру оңай болған жоқ.​ ШҚО ТЖД орманшылары мен қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында өрт

2 тамызда 19 сағат 30 минутта 3,9 Га аумақта ауыздықталды.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 28 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД өңірде төтенше өрт қаупі сақталатынын еске салады.

Азаматтар орманда болуды шектеуі керек.

Табиғатта от жағуға болмайды.

Шөпті өртеуге жол бермеңіз.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша дереу хабарлаңыз.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі