2023 жылғы 1 тамызда Ақтау қаласында Каспий теңіз жағалауында Маңғыстау облысы ТЖД мобильді құтқару бекетінің кезекшілігі кезінде Жедел құтқару жасағының құтқарушылары шомылуға жабдықталмаған жерде суға шомылған үш адамды құтқарды.
Өз күштерін бағаламау оқиғаға себеп болды.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырады.
Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі