Әсерлі кездесу

Әсерлі кездесу

Бүгін ветеринарлық клиникада құтқарылған «Уголек» атты ит өзінің құтқарушысы Астана қаласы ТЖД № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Думан Амангелдиновпен кездесті. Астаналық
«СтопОтлов» еріктілер қозғалысының еріктісі Ольга Пак өрт кезінде итті құтқарған батырмен кездесіп, көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғысын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, 27 шілдеде елордада өрт шығып, жанғыш сұйықтық құйылған сегіз бөшке жанды. Өрт одан әрі екі қабатты коттедждің шатырына және жеке тұрғын үйдің шатырына таралды. Өрт кезінде елордалық № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Думан Амангелдинов сол кезде байланған итті тапты. Сол сәтте ойланбастан және тәуекелге бел буған Думан тізбекті иттің мойнынан алып тастап, жанып жатқан аумақтан шығарып, итті құтқарды.

Қазір Уголек клиникада ветеринарлардың бақылауында емделуде. Біз Уголектің тез қалпына келеді деп үміттенеміз.

 

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі