
Өткен демалыс күндері Қарағанды облысы Нұра ауданы Жастар ресурсы орталығының ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өтті. Жарыс өмірден өткен ержүрек әріптесіміз Асқар Забикулиннің құрметіне өткізілді. Жарысқа облыстық ТЖД және Полиция департаментінен құралған 7 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана командасы басқа командаларды артқа қалдырып, бірінші орынға ие болды.
Ер есімі - ел есінде! Асқар Забикулиннің құрметіне орай өткен турнирде жеңімпаз атанған ТЖД футбол командасын құттықтаймыз!
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі