
Қорғаныс министрлігімен және Ұлттық ұланмен бірлескен өзара іс-қимыл шеңберінде 2023 жылғы 31 шілде мен 11 тамыз аралығында ҚР Қорғаныс министрлігінің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының оқу полигоны базасында РХБ қорғаныс әскери қызметшілерімен оқу-әдістемелік жиындар ұйымдастырылды.
Жалпы, РХБ қорғаныс оқу-әдістемелік жиынына 185 әскери қызметші қатысты (ТЖМ-35 адам; ҚМ - 80 адам; ҰҰ – 70 адам).
Далалық жиындарға ТЖ аумақтық департаменттерінің (20 адам),
28237, 52859, 68303 және 20928 әскери бөлімдерінің (15 адам) әскери қызметшілері тартылды.
Бұл іс-шараның мақсаты теориялық білімді практикада қолдану, алған дағдыларды жетілдіру, радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау жүргізу; барлау жүргізу кезіндегі бақылаушының әрекеті; инженерлік жабдық және позицияны жасыру; тыныс алу органдары мен теріні қорғаудың жеке құралдарын қолдану дағдылары; газсыздандыру, техника мен жеке құрамды залалсыздандыру жағдайларында жеделдікті арттыру болып табылады.
Сабақтар теориялық және іс жүзінде, мүлік пен арнайы техниканы
(АРС, АРХР, БРДМ, ДДА) қолдана отырып пысықталатын болады.