Курсанттар ант қабылдады

Курсанттар ант қабылдады

2023 жылдың 29 шілдесінде ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы  Азаматтық қорғау академиясында Ресей және Беларусь Республикасы ТЖМ шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілетін    1-ші курс курсанттарының  қызметтік куәліктері табысталып, ант қабылдау рәсімі өтті.

Ант беру салтанатты рәсімін академия бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Қуанышбек Карменов ашық деп жариялады. Бірінші курс курсанттары курсанттық өміріндегі алғашқы айтулы оқиғамен құттықтай отырып, алдағы оқуда табыс, қиындықтарды еңсеруде берік болуды тіледі және бүгін ант қабылдаушылардың барлығы шығарылым курсының құрамында лейтенант атақтарын және дипломдарды алатынына сенім білдірді.

Қазақстан Республикасы ІІМ құрметті ардагері Сапарғали Асылбеков құттықтау сөз сөйлеп, бірінші курс курсанттарының айтқан анттары әрқайсысын өз ісіне адал болуға, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының талаптарын қасиетті сақтауға, жүктелген міндеттерді адал және кәсіби орындауға, құтқарушының жоғары атағын қадірлеуге міндеттейтінін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ведомстволық білім беруді дамытуға ерекше назар аударады, өйткені жүйенің тиімді жұмысының басты шарттарының бірі қызметтер мен бөлімшелерді кадрлық нығайту, қызметкерлердің кәсібилігін арттыру болып табылады.

 

 

     ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы

Азаматтық  қорғау академиясының 

баспасөз қызметі