
2023 жылғы 28 шілдеде сағат 16:55-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Есік өзенінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округінде саяжай маңындағы аралда 2011 және 2012 жылы туған кәмелетке толмаған балалар қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Алматы облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері дереу оқиға орнына жіберілді.
Құтқарушылар тобы техниканы пайдалану арқылы сағат 17:17-де серуенге шығып, үйлеріне өз бетінше орала алмаған балаларды құтқарды. Балалардың бірін өрт сөндіруші-құтқарушы Руслан Алпысбаев, екіншісін № 3 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Бағжан Оразымбетов көтеріп алып шықты. Балаларға медициналық көмек қажет болмады.
Алматы облысы ТЖД кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі