
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қалалық прокуратура қызметкерлері үшін азаматтық қорғау саласында көшпелі сабақ өткізді.
«Барлығы ТЖ туралы» мастер-класс шеңберінде ТЖД қызметкерлері прокуратура қызметкерлеріне жер сілкінісіне дейінгі, жер сілкінісі кезінде және одан кейінгі іс-қимылдарды, ТЖ жағдайындағы дабыл шабаданын жинақтауды егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ ТЖ кезінде зардап шеккен халықты қабылдау пункттері туралы ақпаратты жеткізді, олар Алматы 2 ҚЖА платформасында, ТЖД ресми сайттарында және Алматы қаласы аудан әкімдіктерінде орналастырылған.
Сонымен қатар, олар күнделікті өмірде және табиғатта өрт қауіпсіздігі тақырыбын егжей-тегжейлі жеткізді.
Бекіту үшін әрбір тыңдаушыға 240 дана көлемінде «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам», «Құрылымдық емес сейсмикалық күшейту», «Дабыл чемоданын жинақтау» және «Өрт қауіпсіздігі» жадынамалары табыс етілді. Сабаққа барлығы 60 адам қатысты.
Алматы қаласы ТЖД
Азаматтық қорғаныс басқармасы