2023 жылs 26 шілдеде сағат 16:47-де Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Шалғия кентінен батысқа қарай 20 км жерде құрғақ шөптің жануы орын алды.
Өрттің аумағы 2500 гектарды құрады.
Өртті сөндіруге Ұлытау облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі мен жергілікті атқарушы органдарының күштері мен құралдары жіберілді.
Өртті сөндіруге 17 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ұлытау облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі