2023 жылғы 26 шілдеде Балқаш қаласындағы 6-шағын ауданда оқыс оқиға орын алды: ересектердің қарауынсыз қалған 2022 жылы туған бала 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатының терезесінен құлады.
Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі жазатайым оқиғалардың алдын алу ережелерін еске салады:
Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар;
Ешқашан москит торларына сенбеңіздер. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала оның артында өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді;
Мүмкіндігінше терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыздар;
Терезеден балаға бірдеңені көрсетсеңіз, оны әрқашан мықтап ұстаңыз, нәрестенің кенет қимылдарына дайын болыңыз, алақаныңыз құрғақ болуы керек, баланы киімінен ұстамаңыздар;
Балалардың балконға ересектерсіз шығуына жол бермеңіздер;
Ұйықтап жатқан баланы пәтерде ешқашан жалғыз қалдырмаңыздар, себебі нәресте оянып, ашық терезеге көтеріле алады;
Барлық жиһаздарды, соның ішінде төсектерді терезелерден алыс жылжытыңыздар. Бұл нәрестенің терезеге кездейсоқ түсуін болдырмауға көмектеседі;
Бала терезені өз бетімен ашуды неғұрлым кеш үйренсе, соғұрлым қауіпсіз болады;
Балаңызға терезеге қарау немесе балконнан көшеге қарау үшін аяқ астына орындық немесе басқа құрал қоюды үйретпеңіздер. Кейіннен осылай әрекет ете отырып, құлап кетуі мүмкін.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі