Түркістан облысынан келген әйелді Бурабай құтқарушылары құтқарды

Түркістан облысынан келген әйелді Бурабай құтқарушылары құтқарды

Бүгін, Түркістан облысынан келген 1973 жылы туған әйел адам «Көкше» тауының байқау алаңынан түсу кезінде тайып, аяғын шығарып алды.

Оқиға орнына шақыру бойынша Бурабай кентінің №7 құтқару жасағының құтқарушылары дереу шықты. Қызметкерлер жәбірленушіні 600 метр биіктіктен түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Ақмола облысы ТЖД азаматтарға қарапайым жабдықтар мен таудағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.