
Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Тараз-Арена" спорт кешенінде ерлер арасындағы өрт-сөндіру- құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ХХІХ жазғы чемпионаты және әйелдер арасындағы ІХ чемпионаттың салтанатты жабылу рәсімі өтті.
19-22 шілде аралығында кәсіби спорт түрінен өткен сайыста Қазақстанның облыстары мен қалаларының ТЖД 33 үздік ерлер мен әйелдер командалары бақ сынады.
Өрт сөндіруші-құтқарушылар 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеруде, шабуыл сатысымен көтерілуде, өрт эстафетасында, жауынгерлік қанат жаю бойынша сынға түсті.
Ерлер арасында жалпы есеп бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы болып Астана қаласының командасы атанды. Екінші орынды Қызылорда облысының командасы иеленсе, қола жүлдені Ақтөбе командасы
жеңіп алды.
Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында жалпы есепте Қазақстан Республикасының чемпионы болып Түркістан облысы атанды. Екінші орынды Астана қаласы жеңіп алды . Үздік үшінші орыннан Алматы қаласының қыздар командасы табылды.
Жеке және командалық сынақтардағы жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Чемпион командаларға жеңімпаздар кубогы табысталды.
Биыл Стамбул қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын ұлттық команданың құрамы анықталды.
Өткізілген чемпионат қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналды.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі