
Қазгидрометтің мәліметінше, мегаполистегі ауа температурасы 35-38 градус, бұл жағдай өз кезегінде Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға итермелейді.
Халықты су айдындарындағы қауіпсіздікке тарту мақсатында Алматы қаласының ТЖ департаментіне қазақстандық эстрада жұлдыздары да көмек беруде.
Сонымен қатар, патрульге "Мария Магдалена" әнінің белгілі орындаушысы Асхат Тарғын қатысты. Ол Аэропоровское көлінің бойындағы демалушыларға жадынамалар беріп, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы сөз сөйледі! Қала су айдындарында жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында ТЖ департаменті су айдындарында алдын алу іс-шараларын жүргізуді жалғастыруда.
Өткен аптада рейдтер барысында 3800-ге жуық жадынама таратылды, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке жалпы сомасы 97 000 теңгеге 4 бұзушы тартылды.
Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі