
2023 жылғы 17-22 шілде аралығында Жамбыл облысының Тараз қаласында ерлер арасында өрт-құтқару спортынан Қазақстан Республикасының ХХІХ және әйелдер арасындағы ІХ "Тараз-2023" жазғы чемпионаты өткізілді.
Осы чемпионатқа қызылордалық 17 спортшыны (ерлер командасы – 9 спортшы, 1 жаттықтырушы, әйелдер командасы – 6 спортшы, 1 жаттықтырушы) Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» бастығы Әбділдә Баекеев бастап барды.
Жарыстың алғашқы күнінде Тараз қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында «100 метрлік кедергілі жолақты еңсеру» кезеңінде Қызылорда облысы ТЖД командасы 104,0 секундта келіп, 5-орынды иеленді.
Жарыстың екінші күні "Оқу мұнарасының 4-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілуден" жеке біріншілікте Қызылорда облысы ТЖД командасынан Әбдібек Еркін 14,60 секундты бағындырып, 3-орынды иеленді.
"4х100 метрлік өрт эстафетасы" кезеңі бойынша - 2-ші жалпы командалық орынды Қызылорда облысы ТЖД командасы иеленді, нәтижесі 59,51 секунд болды.
Келесісі "Өрт мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю" кезеңі - бұл командалық спорт. Старт бір уақытта жеті спортшыға беріледі және олар снарядтарға, жеңдерге жүгіріп жеткенде, олар резервуардан суды бір-біріне хабарлай отырып, нысанаға таратуы керек. "Өрт мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю" этапында жалпы команда бойынша 25,45 секундта бағындырып, Қызылорда облысы ТЖД ерлер командасы 1-ші орынды иеленді. Бұл ретте жаттығудың осы түріндегі Қазақстан Республикасының жаңа рекордын орнатып, 2019 жылы Украинаның Луцк қаласында өрт-құтқару спорты бойынша ҚР құрама командасы белгілеген алдыңғы рекордты жаңартты.
Жарыстың барлық түрлерінің нәтижелері бойынша жалпыкомандалық қорытынды есебімен Қызылорда облысы ТЖД ерлер командасы ІІ-орынды иеленді.
Осы мәртебеге жетуге үлкен үлес қосқан спортшылардың есімін де құрметпен атап өткен жөн. Олар: Әбдібек Еркін, Хон Виталий, Ілиясов Айболат, Сәрсенбай Сағи, Абдуапов Багуадин, Ситников Владимир, Ідіріс Әділжан, Нұржан Сейітқали.
Өрт сөндіру және құтқару спортшысы болу үнемі дене шынықтыруды және көп еңбекті қажет етеді. Сонымен қатар, кейде бір секундтық айырмашылық спортшылардың тағдырын, жеңімпаз болуын не болмауын шеше алады. Яғни, "Өрт мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю"кезеңінде әйелдер арасында 1, 2, 3 орындарға ие болған командалар тапсырманы 26 немесе 27 секундта орындады, ал "Өрт мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю" кезеңінде Қызылордалық әйелдер командасы 28,18 секундта орындап, 5-ші орынға ие болды. Алдағы чемпионатта Қызылордалық әйелдер командасы да жеңіске жетеді деп үміттенеміз.
23 шілдеде Жаңақорған ауданы әкімдігінің және азаматтық қорғау органының өкілдері, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен БАҚ өкілдері жеңімпаз спортшыларды үлкен құрметпен қарсы алып, одан әрі табыс тіледі.
Қызылорда облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы