
2023 жылғы 20 шілдеде Тараз қаласы № 1 МӨСБ аумағында өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының жазғы чемпионатын өткізу шеңберінде ерлер мен әйелдер арасында шабуыл сатысымен оқу мұнарасына көтерілу бойынша жарыстар өтті.
Ерлер арасында Атырау облысының спортшысы Жасұлан Қайсарбеков жеңімпаз атанды, оның нәтижесі 13,78 секундты құрады. Екінші орынды Астана қаласынан келген Мағау Нұралы 14,35 секунд нәтижесімен, үшінші орынды Қызылорда облысынан келген Әбдібек Еркін 14,60 секунд нәтижесімен, төртінші орынды БҚО-дан Дмитрий Агафонов 14,77 секунд нәтижесімен иеленді
Әйелдер арасында Ақмола облысының командасынан Анастасия Хорошева жеңімпаз атанды, оның нәтижесі 07,32 секундты құрады. Екінші орынды Түркістан облысынан 07,46 секунд нәтижесімен Айдана Тұрсын, үшінші орынды Түркістан облысынан келген тағы бір спортшы 07,55 секунд нәтижесімен Өмірғалиева Назерке иеленді.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі