Шымкент қаласы ТЖ департаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушылары демалыс күндері 22-23 шілде аралығында 6 рет халыққа қызмет көрсету жұмыстарына шықты. Оның ішінде 3 рет жылан аулау бойынша, 2 рет сақинаны шешу жұмыстарына шығып, 1 рет жас балаға көмек көрсетті.
Құтқару қызметінің «112» нөмеріне 22 шілдеде сағат 19.02-де Тұран шағын ауданында Новостройка көшесіндегі жеке тұрғын үйде 4 жастағы балаға көмек қажеттілігі туралы хабарлама келіп түскен.
Жедел-құтқару жасағының құрамында 4 адам бар құтқару бөлімшесі оқиға орнына жетіп, 4 жасар ер баланың қолы ет турағышқа қысылып қалып, қолын шығара аламай жатқанын анықтады.
Құтқарушылар гидравликалық және слесарлық құралдарын қолдана отырып, ет турағыш құралды кесіп, баланың қолын темір құрсаудан босатты. Медициналық көмек қажет болғандықтан, оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлеріне тапсырды.
Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы