
2023 жылғы 23 шілде күні сағат 22:50-де "101" пультіне Набережное көшесінде орналасқан дәмхананың ас үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндіру бөлімшелері дереу оқиға орнына жіберілді.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері келгенде ақпарат расталды.
Дәмхананың қойма бөлмесінде есептегіш өртенген, кейін өрт жиһазға, жеке заттарға, тұрмыстық техникаға, құрылыс материалдарына, сондай-ақ терезе мен есік саңылауларына таралған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Дәмхананың бұл бөлігі екінші қабаттың құрылысына байланысты пайдаланылмайды.
Өрттің алдын ала ауданы 85 шаршы метрді құрады.
Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер түтін басқан ғимараттан көлемі 50 литр екі оттегі баллонын, 50 литр үш газ баллонын және көлемі 27 литр бір баллонды эвакуациялады.
Өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып табылады.
Абай облысы ТЖД электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің мына ережелерін сақтауды еске салады:
1. Электр сымдарының, электр аспаптары мен аппаратураларының жарамдылығын, сондай-ақ розеткалардың, ашалар мен электр сымдарының тұтастығы мен жарамдылығын бақылау қажет;
2. Оқшаулағышы бұзылған электр сымдарын пайдалануға тыйым салынады;
3. Электр сымдарын түйіндерге байлауға, оларды бұрау арқылы қосуға, тұсқағаздармен жабыстыруға және жанатын әрлеу элементтерімен жабуға тыйым салынады;
4. Электр желісіне бірнеше қуатты электр энергиясын тұтынушыларды (шамдар, плиткалар, үтіктер және т. б.) бір уақытта қосуға тыйым салынады, әсіресе электр сымдарының шамадан тыс жүктелуі және тұйықталуы мүмкін;
5. Үйде жасалған электр сақтандырғыштарды қолдануға тыйым салынады.
Сақ болыңыздар! Төтенше жағдай туындаған кезде "101" немесе "112"нөмірлері бойынша хабарлаңыздар.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі