Каспий теңізінің жағалауында екі жасөспірім құтқарылды

Каспий теңізінің жағалауында екі жасөспірім құтқарылды

2023 жылғы 22 шілдеде  сағат 20.50 - де Маңғыстау облысы ТЖД 112 пультіне Ақтау қаласының төртінші «а» шағын аудандағы   Каспий теңіз жағалауынан серфинг-таяқшасымен жағадан 1,5 шақырымға ағыспен алыстап кеткен 2006 және 2007 жылы туған екі жасөспірімді Маңғыстау облысының ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары құтқарды.

Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Авариялық-құтқару жұмыстарына жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен жүзу құралы жұмылдырылды.

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!  Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар  департаменті  судағы қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырады.

 

 Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі