2023 жылғы 21 шілдеде сағат 23.00-дегі Алматы облысы бойынша ахуал

2023 жылғы 21 шілдеде сағат 23.00-дегі Алматы облысы бойынша ахуал

Жамбыл ауданында Шиен ауылдық округінің Шиен ауылында ауылдық округтің жергілікті атқарушы органының күштері мен құралдары,  Ұзынағаш ауылының 4-ӨСБ өрт сөндірушілері, сондай-ақ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері 138 жеке тұрғын үй аулаларынан, үйлердің 10 жертөле үй-жайынан су сорып шығарды. Қалған су  қалдықтары топыраққа сіңіп кетті. Жағдай тұрақты.

Талғар ауданында Талғар өзенінің бойында жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты Сол Талғар өзенінде су деңгейі көтерілді. Қазіргі уақытта Талғар өзеніндегі су деңгейі секундына 37 текше метрді құрайды. Гидротехникалық құрылыстың су өткізу қабілеті секундына 70.5 текше метрді құрайды. Мониторинг жүргізу және жедел шаралар қабылдау мақсатында өлшемдер жүргізілуде. Қосымша бақылау бекеттері орнатылды. Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Жауын-шашын тоқтады, жағдай тұрақты.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі