
2023 жылғы 21 шілде күні Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен Абай облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов аудандық бөлімшелерге жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында ведомство басшысы Аягөз қаласында жаңа өрт сөндіру депосын салу аумағын аралап, №13 өрт сөндіру бөлімінің өрт-техникалық жабдықтарымен танысты.
Сонымен бірге, С. Шәріпханов жеке құраммен кездесті, бөлімшедегі қызметтік-әскери тәртіп пен тәрбие жұмысының жай-күйін тексерді.
Содан кейін министр Аягөз ауданының Мамырсу ауылына барды, ол жерде министрге бөлімше қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар әзірлеген дала өрттерін сөндіруге арналған жаңа құрал көрсетілді.
Одан әрі Сырым Шәріпханов Жарма ауданы Қалбатау ауылының №14 өрт сөндіру бөліміне барып, бөлімнің қызметтік үй-жайларының жай-күйімен және техникалық жарақталуымен танысты.
Сапар соңында ТЖМ басшысы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс сапасын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берді.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі