
«Profi city» жеке лагерінің тәрбиеленушілері Ақтау жедел-құтқару жасағының құтқарушыларына барып, ержүрек мамандықтағы адамдардың жұмысымен танысты.
Құтқарушы Тимур Аминов қонақтарға жасақ ғимаратында қызықты әрі мазмұнды экскурсия өткізді. Құтқарушыларға құтқару операцияларын жүргізу үшін қажет жабдықтарды көрсетті, балалардың назарына сүңгуірлердің арнайы жабдықтарын ұсынды, оның мақсатын және адамдарды құтқаруда қандай рөл атқаратыны туралы айтты. Балалар сүңгуір костюмдерін, арнайы салмақты аяқ киімдерді, белбеулерді және құтқарушылардың су астындағы жұмысына арналған басқа құрылғыларды қызығушылықпен қарады. Оқушыларға құтқарушылардың қолда бар автомобиль техникасы көрсетілді.
Экскурсия соңында құтқарушыларға оқушылар құтқарушылардың жұмысы туралы, қалай құтқарушы болуға болатындығы және ол үшін қайда оқу керектігі туралы сұрақтар қойды. Балалар жасақ қызметкерлеріне танымдық кездесуі үшін алғыс айтып, оларға тағы да келетіндерін айтты.
- Балалар жазғы демалыс кезінде теңізде көбірек уақыт өткізеді, сондықтан біз оларға ерекше назар аударамыз. Балалардың қатысуымен болатын судағы оқиғалардың санын тек профилактикалық шаралар арқылы азайтуға болады. Мысалы, біз балалардың суда өзін қалай ұстау керектігін және көмек қажет болса, қайда қоңырау шалу керектігін айттық - дейді Тимур Аминов.
Құтқарушылар жағажайлардағы қауіпсіздік талаптары туралы айтты:
Қоршау белгілері бар жерде жүзбеңіз!
Тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды!
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
Суда еркелікке жол бермеңіз!
Өтіп бара жатқан катерлер мен қайықтарға қарай жүзбеңіз!
Көпірлерден, бөгеттерден, айлақтардан, катерлерден және қайықтардан суға секірмеңіз!
Бейтаныс жерде сүңгуге болмайды!
Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз - бұл сіздің өміріңіз!
Өрт сөндіру қызметінің қоғаммен байланыс тобы