Алматылық құтқарушылар балалар лагерінде оқыту мастер-класс өткізді

Алматылық құтқарушылар балалар лагерінде оқыту мастер-класс өткізді

2023 жылғы 20 шілдеде Алматы қаласының ТЖ Департаменті 10 персонал мен 60 баланың қатысуымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік қағидалары бойынша «КАСЕ» балаларды дамыту лагерінде кезекті көшпелі сабақ өткізді.

Лагерь демалушыларына іс жүзінде төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігін көрсетті және «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қадам» және «Өрт кезіндегі 5 қадам», сондай-ақ «Судағы қауіпсіздік» 4D виртуалды шындық плакатын пайдалана отырып, ойын-сауық ойынын өткізді.

Құтқарушылар атап өткендей, басты міндет балаға маңызды материалды оңай және қызықты меңгеруге көмектесу, сондықтан шартты жағдайларда оқытудың ойын түрі кіші буын балаларының материалды тиімді игеруіне мүмкіндік береді.

Оқыту барысында балалар дабыл сандығының мазмұны, шұғыл қызметтердің телефон нөмірлері туралы білді, өрт қауіпсіздігі ережелерін еске түсірді, бірінші кезекте қандай іс-әрекеттер жасау керектігін және не істеуге болмайтынын талдады.

Балалармен мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі және ерте жастан бастап жеке қауіпсіздік мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі