2023 жылғы 28 шілде Төтенше жағдайлар министрі жұмыс сапарымен Қостанай облысында болады.
Қостанай қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, кәсіпкерлермен кездеседі, сондай-ақ азаматтарды қабылдайды, брифингке қатысып, журналистердің Министрліктің қызметі туралы сұрақтарына жауап береді.
Барлық өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е-otinish» ақпараттық жүйесін институционализациялауға байланысты Сізге өтініш, сұрау салу, ұсыныстар, жауап беру, шағым және сұрақ қою үшін «Е-otinish» ресми коммуникациялар арнасына өту қажет.
Өтініштерді тіркеу кезінде тақырыпта «2023 жылғы 28 шілдеде халықпен кездесу» хатын көрсете отырып, аты-жөнін көрсету, сұрақ жазу және байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі) қалдыру қажет.