Мәслихат депутаттары «Жас құтқарушы» оқу орталығына келді

Мәслихат депутаттары «Жас құтқарушы» оқу орталығына келді

2023 жылғы 19 шілдеде Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов, құқық қорғау органдарын үйлестіру жөніндегі комиссияның төрағасы Азамат Айтқожин және депутаттар тобы Астана қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Дамир Ермағамбетовпен бірлесіп «Жас құтқарушы» оқу орталығына келді.

Депутаттар тобы осы орталықтың қызметімен, жарақтандырумен, сондай-ақ орталық аумағында орналасқан өрт сынақ зертханасымен, кинологтармен танысып, олардың проблемалық мәселелерін талқылады.

«Жас құтқарушы» оқу орталығы білім беру-тәрбие, азаматтық қорғау жүйесін танымал ету және оның қалыптасуы және дамуы тарихын жария ету, барлық уақытта адамдардың өмірін қорғауға және құтқаруға бағытталған өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың алдыңғы буындарының ерлік әрекеттерінің әртүрлі беттерін ашу мақсатында құрылған.

Орталықта өмір тіршілігінің қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін, азаматтық қорғанысты, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюды насихаттайтын білім беру иллюстрациялары, стендтер мен макеттер, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының заманауи және бірегей, тарихи және қазіргі заман заттарының көрмесі орналасқан.

Биылғы жылы «Жас құтқарушы» оқу орталығын ашу жоспарлануда, оған тек оқушылар ғана емес, сонымен қатар басқа да тұрғындар мен қала қонақтарына келіп, көруге болады, онда орталық мамандары келушілерге экскурсиялар өткізетін болады.

                                                                                                                                                                                          

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі